Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нұртас Адамбай жұбайымен бірге қажылыққа аттанды

Нұртас Адамбай жұбайымен бірге қажылыққа аттанды


Нұртас Адамбай мұсылманның бір парызын орындады. Ол өмірлік серігімен бірге қажылыққа аттанды. Жақында намазға жығылып, дінге бет бұрған актер жұбайының сәждеге тұруына себепші болғанын қуана жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Бақыт деген - сүйікті жарыңмен Мединаға келіп, оның алғашқы намазына себеп әрі сол сәттің куәсі болу. Сүйікті пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мешітінде бірге намаз оқу.

Алла елшісі мен оның үзеңгілестеріне сәлем беру және алдағы Меккее болатын умра қажылығынан дәме ету. Субханаллаh!

Жаратқан барлығын естиді! Барлық армандар орындалады. Армандаудан қорықпаңыздар, сұраудан ерінбеңіздер және күдіктенбедіңіздер. Аллах мейірімді және рақымды. Аллаhу Акбар!" - деп жазба қалдырды кинопродюсер желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары актердің жанұясы үшін қуанды.

"Барлығымызға осындай бақытты нәсіп етсін", "МашАлла", "Алла ниеттеріңізді қабыл етсін", "Қандай ғажап", "Бақытты болыңыздар", "Керемет көрініс", - деп жазды оқырмандар.



Автор
Нұрсұлтан