Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты: бір отбасының бес баласы қаза тапты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Нұртас Адамбай АҚШ-тан бір-ақ шықты

Нұртас Адамбай АҚШ-тан бір-ақ шықты
Фото: Instagram.com / nurtasadambay

Қазақстандық танымал актер, режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбай АҚШ-қа қоныс аударғанын айтты. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ол қазір өміріндегі жаңа кезеңді бастан өткеріп жатыр. Актер режиссер әрі продюсер ретінде әлемдік киноиндустрияның даму үрдісін жақыннан танып, кәсіби тәжірибесін кеңейтіп жүргенін жеткізді.

«Қазір мен АҚШ-та тұрып жатқаныма бір жарым жыл болды. Осы уақыт ішінде жергілікті заманауи киноиндустрияның жұмысымен етене танысып келемін. Осы аралықта оқырмандарға бөлісуге тұрарлық көптеген тәжірибе мен ой жинақталды. Кино әлемі қазір өте қарқынды өзгеріп жатыр әрі бұл өзгерістердің бәрі ерекше қызықты», – деді Нұртас Адамбай.

Оның сөзінше, АҚШ-та өткізген уақыт кәсіби көзқарасын өзгертіп, халықаралық кино нарығының жұмыс істеу ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берген. Сондай-ақ актер алдағы уақытта жинақтаған тәжірибесі мен жаңа жобалары туралы жанкүйерлерімен бөлісетінін меңзеді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.