KZNews.kz
Шоу-бизнес

Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты іске қосылды

Әлихан

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Тұңғыш президенттің ресми порталы үш тілде жұмыс істейді, мұнда Елбасының қызметі туралы өзекті ақпараттар жарияланады

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі  Елбасының ресми сайтын іске қосты.

"Достар, Тұңғыш президенттің ресми интернет-ресурсы Elbasy.kz іске қосылды. Жаңа сайтқа ескертпелеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, осы жазбада қалдырыңыздар", - деп жазды Twitter-де Қазақстанның тұңғыш президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

​Бұған дейін Айдос Үкібай жаңа порталға Нұрсұлтан Назарбаев баға беріп үлгергенін хабарлаған еді.  

​Сайтта ақпарат үш тілде – қазақша, орысша және ағылшынша жарияланады.

Қолданушылар Назарбаевтың кітаптары мен мақалалары, сөйлеген сөздері, жолдаулары мен сұқбаттарымен таныса алады. Сондай-ақ порталда медиагалерея орналастырылған.

Сайтта Тұңғыш президент қоры мен Тұңғыш президент кітапханасының жаңалықтары да жарияланады.   


sputniknews.kz
Әлихан
Журналист
Автордың басқа материалдары →