KZNews.kz
Қоғам

Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты тергеу неге тоқтатылды?

Айжан Сыланова
Фото: ашықдереккөз

Прокуратура дерегінше, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілген. Жиналған айғақтар мен сараптама қорытындылары Ғайыпбаевтың өлімі суицид екенін көрсетті. Тергеу барысында үшінші тұлғалардың оның өзіне-өзі қол салуына ықпал еткенін растайтын деректер табылмаған. Осы себепті іс 2025 жылдың 17 маусымында ҚПК талаптарына сәйкес тоқтатылған.

Бұл оқиға — соңғы жылдары Талғар ауданында тіркелген бірқатар қайғылы жағдайлардың жалғасы. 2023 жылдың 4 қазанында жаппай төбелес кезінде 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан. 2024 жылдың 12 қазанында марқұмның отбасына тиесілі үй өртеніп, полиция «Бөтеннің мүлкін қасақана жою» бабы бойынша іс қозғаған. Сол жылдың желтоқсанында Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев өлі күйінде табылған еді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →