KZNews.kz
Шоу-бизнес

Нұрлан Қоянбаев: «Тоқаев шоу емес, ел тағдырын таңдады»

Торғын Абушахман

Танымал продюсер әрі тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев «Zamandas» подкастында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түнгі студия» бағдарламасына шақырылмау себебін түсіндірді.

Қоянбаевтың айтуынша, Президент тарапынан бағдарламаға қатысудан бас тарту болмаған. Алайда қазіргі күрделі геосаяси жағдайда мұндай жеңіл форматтағы жобаларға шақыру орынсыз көрінеді.

— Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы үшін басты міндет — елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтау. Әлемдегі жағдай шиеленісіп тұрған сәтте Тоқаев шоуға емес, мемлекеттің тағдырын шешуге бағытталған нақты саясатты таңдады, — деді Қоянбаев.

Оның пікірінше, бұл қадам Президенттің ел мүддесін бәрінен жоғары қоятынын айқын көрсетеді.

— Әр нәрсенің өз уақыты бар. Ашық сұхбат та, ресми емес форматтағы кездесулер де болатынына сенемін. Бірақ дәл қазіргі кезеңде Тоқаевтың миссиясы – ел амандығы мен тұтастығын қамтамасыз ету, — деп түйіндеді Қоянбаев.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →