Белгілі актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаев әлеуметтік желідегі парақшасында ауруханадан түскен суретін жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесі Instagram-дағы сторисінде аурухана палатасында жатқан сәтінен фото бөліскен. Кадрда актердің ақ жаймаға оранып, бір қолымен төсек тұтқасынан ұстап отырғаны көрінеді. Түрінен шаршаңқы күй байқалғанымен, нақты жағдайы туралы қосымша мәлімет берілмеген.
Суреттің үстіне ол «Жолда абай болыңыздар» деген қысқа ғана ескерту жазған. Бұл жазба желі қолданушылары арасында түрлі болжам туғызды.
Қазіргі уақытта актердің ауруханаға қандай себеппен түскені жөнінде ресми ақпарат жарияланған жоқ. Жанкүйерлері оның тезірек сауығып кетуін тілеп, әлеуметтік желіде жылы лебіздерін қалдыруда.