Желіде қызу талқыланған гала-кеште түскен суреттерге қатысты Әлиев Instagram парақшасында арнайы пікір білдірді. Ол аталған фотоларды өзі жариялағанын және онда алғаш рет өзінің ұлы – Алан Назарбаевты көпшілікке таныстырғанын айтты.
«Барлық БАҚ-қа ескерту: Біріншіден, бұл стористерді өзім жарияладым. Сондықтан мұнда «кездейсоқ көрініп қалды» деу орынсыз. Екіншіден, бұл — менің ұлым. Танысып қойыңыздар, оның есімі — Алан», — деп жазды Әлиев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Францияда өткен аталмыш кеш әлемдік элита қатысқан беделді қайырымдылық шараларының бірі саналады.