2026 жылғы білім грантын иеленгендердің тізімі жарияланды (ТІЗІМ)
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Нұрай Серікбайдың отбасы 10 млрд теңге көлемінде өтемақы талап етті

Нұрай Серікбайдың отбасы 10 млрд теңге көлемінде өтемақы талап етті
фото: ашық дереккөз

Материалдық шығынның жалпы сомасы – 14 миллион 739 мың 65 теңге.

Қаза болған Нұрай Серікбайдың отбасы сотталушыдан материалдық әрі моральдық зиян келтіргені үшін 10 миллиард теңгеден астам өтемақы төлеуді талап етті, деп хабарлайды kznews.kz.

Шымкенттегі қылмыстық іс бойынша жәбірленуші тарап азаматтық талап арыз түсірді.

Адвокат Аянхан Омаровтың айтуынша, бойжеткеннің қазасынан кейін отбасы материалдық шығынға ұшыраған (жерлеу рәсімі, ескерткіш орнату, заңгерлік көмек көрсету және т.б.).

Материалдық шығынның жалпы сомасы – 14 миллион 739 мың 65 теңге.

Сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы талап қойылды. Адвокат ешбір ақша Нұрайды қайтарып бере алмайтынын, алайда заңнамада мұндай төлем қарастырылғанын атап өтті.

"Қылмыстың ауырлығын, оның орны толмас зардаптарын, жәбірленушілердің өмір бойғы рухани азабын және әділдік қағидатын ескере отырып, біз моральдық зиянның өтемі ретінде 10 миллиард теңге өндіріп алуды сұраймыз", - деді Аянхан Омаров.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.