KZNEWS.KZ
Қоғам

Нұрай Серікбайдың өлімі: сараптама қорытындысы бойынша айыпталушының ақыл-есі дұрыс деп танылған

Айгерім Асылова
Фото: ашық деркккөзден

Сенат кулуарында ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойныша сараптама қорытындысы шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

ІІМ өкілінің айтуынша, тергеу аяқталуға жақын. 

"Тергеушінің тағайындауы бойынша біз сот-психиатриялық сараптама жүргіздік. Нәтижелері дайын.

Ол (айыпталушы – ред. ескертпесі) ақыл-есі дұрыс адам ретінде заң алдында жауап береді. Біз тергеу шараларын жүргізіп жатырмыз. Қазіргі уақытта тергеу аяқталуға жақын", - деді ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →