Шымкентте қайтыс болған Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты сот процесі 2026 жылғы 21 шілдеде басталады. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Адвокаттың айтуынша, іс бойынша алдын ала тыңдау Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді.
"Алдын ала тыңдау сот отырысы 2026 жылғы 21 шілде күні сағат 10:00-де басталады", – деді Аянхан Омаров.
Сот барысында жәбірленуші отбасының мүддесін адвокаттар Аянхан Омаров пен Мұхаммеджан Ахметов қорғайды.