“Жұбайымды шәкіртіме әйелдікке бердім” деген тұрғын жауапкершілікке тартылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Нұр-Сұлтанның бас дәрігері коронавирусқа байланысты үндеу жасады

Нұр-Сұлтанның бас дәрігері коронавирусқа байланысты үндеу жасады

Нұр-Сұлтан қалалық басқармасының басшысы тұрғындарды, кеш болмай тұрғанда, коронавирусқа қатысты көзқарасын өзгертуге шақырды


Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова күрделі эпидемиологиялық ахуалға байланысты қала тұрғындарына бейнеүндеу жолдады.


"Құрметті қала тұрғындары! Коронавирусты анықтау және оны емдеу үшін жоғары білікті медициналық кадрлар қажет, ал оларды даярлауға жылдар кетеді. Инфекциялық төсек-орындардың санын көбейте беруге болады, бірақ кейін дәрігерлер мен медбикелер жетіспейтін сәт туады. Сол себепті, кеш болмай тұрғанда, барлығын өзінің және өзгелердің денсаулығына деген көзқарасын өзгертуге шақырамын", - деді қалалық басқарма басшысы.

Бұған дейін елордада пневмонияға шағымданатындар саны 7,5 есеге артқаны хабарланған еді. Ауруханаға коронавируспен түскен пациенттердің 92%-інде пнемония анықталған.

sputniknews.kz

Автор
Айбар