НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде — Sputnik. Қазақстанның астанасында элиталы ауданды қою түтін басып қалды. Нұр-Сұлтандағы "Британ орамы" тұрғын үй кешені жанып жатыр.
Қара түтін астаналықтарға алыстан көрінді.
"Төтенше жағдай орнына өрт сөндірушілер аттанды", - деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Куәгерлер өрт болған аумақта автокөлік қозғалысы шектелгенін хабарлады.
"Өрт 5 немесе 6 кіреберіс аумағынан шықты. Онда бүгін шатырды жөндеген. Қазір оқиға орнында көптеген өрт сөндіру көлігі тұр", - деді Sputnik Қазақстанға өрт куәгері.