Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Нұр-Сұлтанның "Алматы" ауданына жаңа әкім тағайындалды

Нұр-Сұлтанның "Алматы" ауданына жаңа әкім тағайындалды

Ауданның жаңа әкімі 37 жаста, бұрын Қазақстан президенті әкімшілігінде жұмыс істеген. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик Тілектес Есполовтың кенже баласы

АЛМАТЫ, 19 мамыр – Sputnik. 37 жастағы Бектенбай Есполов Нұр-Сұлтан қаласы "Алматы" ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Қызметке тағайындау Қазақстан президенті әкімшілігімен және елорда мәслихаты депутаттарымен келісілді",- делінген әкімдік хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда әкім қызметінен кетті 

Бектенбай Есполов бұрын Қазақстан президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі он жылдан асады.

"Бектенбай Есполов – меритократия қағидатына сәйкес кеңсе сарапшысынан Қазақстан президенті протоколы бастығының орынбасарына дейінгі қызмет жолынан өткен тәжірибелі маман", - деп атап өтті қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Бектенбай Есполов – Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполовтың төртінші баласы.

Тілектес Есполов – ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 100-ден аса ғылыми еңбектің авторы. 2005 жылы "Парасат" орденімен марапатталған.

Бұған дейін "Алматы" ауданының әкімі қызметін Әділбек Сәрсембаев атқарды. Ол "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болды.


sputniknews.kz
Автор
Нұрсұлтан