Көршілер бірнеше рет ескерткен: Ақтауда екі жасар бала көз жұмды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Нұр-Сұлтандағы жарылыс: Қылмыстық іс қозғалды, кінәлілер жеті жылға дейін сотталуы мүмкін

Нұр-Сұлтандағы жарылыс: Қылмыстық іс қозғалды, кінәлілер жеті жылға дейін сотталуы мүмкін

Нұр-Сұлтан ПД Шұбардағы дәмханада газдың жарылу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.


"Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы 2-бөлігі "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өрт-техникалық және сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу полиция департаменті басшылығының бақылауында болады", - делінген хабарламада.

Оқиғаға кінәлілер анықталған кезде олар екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қарашада елорданың сол жағалауындағы дәмханада газ баллоны жарылды. Оқыс оқиғадан 1 адам қайтыс болып, жиырмадан астам адам жарақат алды. Өрт 20 шаршы метр жерді шарпыған.


Автор
Еркебұлан