KZNews.kz
Шоу-бизнес

Нұр-Сұлтандағы автобус соқтығысуынан екі адам қаза тапты (ВИДЕО)

Жандос

Нұр-Сұлтанда Қабанбай батыр даңғылының бойында үш елордалық қоғамдық көлік соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, бір жолаушы мен бір автобустың жүргізушісі қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана ЛРТ" мәліметінше, 26 наурызда Қабанбай даңғылымен Ұлы Дала көшесі қиылысқан тұста жол-көлік оқиғасы болған. Онда үш автобус пен жеңіл автокөліктер соқтығысқан. Қаламаңынан жүретін № 303 автобус №12 бағытта жүретін қоғамдық көлікті соққан.

https://www.youtube.com/watch?v=zz5SDQU7TB8

Жандос
Журналист
Автордың басқа материалдары →