НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдың аумағында жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әуежай аумағында жолаушылар автобусы өртеніп жатқан видео әлеуметтік желіде тарады.
Астана LRT-ның қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Науат Азанбаева Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.
"Қазір толық ақпаратты күтіп отырмыз. Бірақ 12 бағыттағы автобустың өртенгені белгілі. Халықаралық әуежайдың маңайында автобустың артқы жағы өртенген. Ең бастысы, зардап шеккендер жоқ", - деді Азанбаева.
Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталып жатыр.