Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Нұр-Сұлтанда мас азамат көшедегі көліктерге пышақ ала жүгірген (видео) - Қазақстан жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда мас азамат көшедегі көліктерге пышақ ала жүгірген (видео) - Қазақстан жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда ішімдікке сылқия тойып лаған ер азамат көшеге шығып, көліктерге пышақ ала жүгірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға 8 маусымда орын алған. Ер азаматтың ерсі қылығы бейнебақылау камераларына түсіп қалыпты. 

"Абай даңғылы мен Янушкевич көшесінің қиылысында ер азамат көшеде өтіп бара жатқан көліктерге пышақ ала жүгірген. Ол пышағын қайрап алып, көлік қозғалысына кедергі келтірген. Полицейлер күдіктіні тұтқынға алды", - делінген ресми хабарламада. 

Қазіргі таңда ер азамат Байқоңыр аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Ұсталған азамат 29 жастағы елорда тұрғыны екені анықталған. Заттай айғақ ретінде қайрақ пен пышақ тәркіленіпті.

Аталған жайтқа қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=g7iYFx8l_34[/embed]


stan.kz
Автор
Әлихан