KZNews.kz
Шоу-бизнес

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған бес науқастың халі мүшкіл - Қазақстан жаңалықтары

Еркебұлан

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған бес науқас ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлім етті. 

"Елордамызда вирусты жұқтырғандардың саны 222-ге жетті. Оның ішінде 46 пайызы ер, 54 пайызы әйел адамдар және 43 пайызы 30-49 жасқа дейінгі азаматтар, 27 пайызы 18-29 жасқа дейінгілер, 17 пайызы 50-59 жастағылар, 9 пайызы 60-69 аралығындағы азаматтар, 1 пайызы 70 және одан жоғары жастағылар, 3 пайызы 18-ге толмаған балалар",- дейді Қисықова.

Елордада жалпы 28 адам аурудан емделіп шығыпты. Бұл қаладағы науқастардың 13%-ын құрайды екен. Бүгінгі күні Нұр-Сұлтанда 203 адам коронавирустың емін алып жатыр екен.

"Оның ішінде 10 науқас - Ақмола облысының тұрғыны. Сонымен қатар 5 науқастың жағдайы ауыр халде. Үшеуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізіліп жатыр. Басқа науқастардың жағдайы қалыпты. Нұр-Сұлтан қаласында 28 қаңтардан бастап 6 315 адам бақылаудан және емдеуден өтті. Оның 202-сі - 18-ге толмаған балалар", - деді басқарма басшысы.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 700-ден асып отыр. 


 


stan.kz
Еркебұлан
Журналист
Автордың басқа материалдары →