"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нұр-Сұлтанда індетке шалдыққан 6 адам ауыр хәлде жатыр

Нұр-Сұлтанда індетке шалдыққан 6 адам ауыр хәлде жатыр

Қазақстанда екінші адам коронавирустан көз жұмғаны белгілі болды. 50 жастағы пациент бір ай бойы ауырса да, дәрігерлерге қаралмаған

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Астанада коронавирус жұқтырған алты пациенттің жағдайы тұрақты, бірақ ауыр. Бұл туралы елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі таңда алты адамның жағдайы тұрақты, бірақ ауыр. Екі адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, ем алып жатыр. Қалған пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық", – деді Қисықова онлайн брифингте.

Бұған дейін ол Қазақстанда екінші адам коронавирустан көз жұмғанын мәлімдеді. 50 жастағы пациент бір ай бойы ауырса да, дәрігерлерге қаралмаған. 21 наурызда жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. 31 наурызда дерттің салдарынан қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирустан екінші адам қайтыс болды

31 наурыздағы мәлімет бойынша елорда ауруханаларында 1 693 адам жатыр. Оның 96-сы он сегізге дейінгі балалар.

Бүгінгі таңда астанада коронавирус жұқтырған 175 адам тіркелді.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан