"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нұр-Сұлтанда ер адам кешкі серуеннен үйіне кіріп бара жатқан мүгедек қызды зорлаған

Нұр-Сұлтанда ер адам кешкі серуеннен үйіне кіріп бара жатқан мүгедек қызды зорлаған

Нұр-Сұлтан қаласының сол жағалауындағы "Мисон" тұрғын үй кешенінде ер адам мүгедек қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде оқиға куәгерлері түсірген видео тарады. Олардың айтуынша, 40-50 жас шамасындағы ер адам тұрғын үй кіреберісінде мүгедек қызды зорлаған.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті бұған қатысты түсініктеме берді.

“8 тамыз сағат 20&42-де "102" нөміріне тұрғын үй кіреберісінде қыз зорланғаны туралы ақпарат түсті. 29 жастағы қыз тұрғын үй ауласында серуендегеннен кейін кіреберіске кірген. Сол кезде екінші қабатта оны белгісіз ер адам зорлаған", – делінген хабарламада.

Полиция қылмыс жасады деген күдікпен 47 жастағы ер адамды сол арада ұстаған.

Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Автор
Айбар