Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

 Нұр-Сұлтанда аққалалар "әскерін" қиратқан жігіт ұсталды – видео   

 Нұр-Сұлтанда аққалалар "әскерін" қиратқан жігіт ұсталды – видео   

Үш жүз аққаладан тұратын композицияны астаналық отбасы жасаған. Қар мүсіндер желіде резонанс тудырған видео пайда болғанға дейін бірнеше күн тұрды

НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Үш жүз аққаладан тұратын инсталляцияны қиратқан елордалық жоғары оқу орнының студенті болып шықты. Нұр-Сұлтан полицейлері вандалды ұстады.

Нұр-Сұлтан полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 желтоқсанда 20 жастағы студент Ботаника бағындағы бірнеше аққаланы қиратқан.

"Қазіргі уақытта Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жас жігіт бұл әрекеті үшін өкінетінін айтып, қала тұрғындарынан кешірім сұрады. Сондай-ақ, полицияның мәліметінше, ол өзі қиратқан мүсіндерді қалпына келтіруге уәде берген.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарын Жаңа жыл қарсаңында бой көтерген өнер нысандарына құрметпен қарауға шақырған болатын.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=9URhFw_rxT4[/embed]

Аққалалар "әскері" таяуда үлкен мұз қалашығы ашылған Ботаника бағында орнатылды. Саябақ аумағында мұз айдыны, сырғанайтын төбешік, ашық аспан астындағы галерея, сондай-ақ аязды күндері жылынуға арналған орындар ашылды.

sputniknews.kz
Автор
Нұрсұлтан