“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нұр-Сұлтан — Сарыағаш пойызында жолсеріктер жүкті әйелді босандырды

Нұр-Сұлтан — Сарыағаш пойызында жолсеріктер жүкті әйелді босандырды

Сарыағаш – Нұр-Сұлтан пойызының жолсеріктері мен пойыз басшысы қыз баланың дүниеге келуіне көмектесті.

Оқиға 14 ақпан күні №85 пойызда болды. Пойыз жолаушысы Анастасия Гранкина Тараздан Павлодар қаласына бет алған. Киік — Босаға учаскесінде ол №11 вагон жолсерігі Ұлтуар Ибрагимовадан көмек сұрайды. Жүктіліктің тоғызыншы айында екенін, толғағы басталғанын айтады.

«Пойыз бригадасының қызметкерлері босанып жатқан әйелге алғашқы көмек көрсетті. Жақын станцияға жедел медициналық көмек шақырылды. Жедел жәрдем қызметкерлері келгенше пойыз басшысы қызметін атқарушы Алдияр Тенгешев пен штаб вагонының кезекші жолсерігі Зина Күнісбаева жолаушының босануына көмектесті», — деді ҚТЖ баспасөз қызметіндегілер.

Ақадыр станциясының подъезінде Әмина есімді қыз бала дүниеге келді.

Станцияға келген соң жедел жәрдем қызметкерлері әйел мен нәрестені тексерді. Сәбидің жағдайы қанағаттанарлық болды. Әйел ауруханаға жатудан бас тартып, соңғы станцияға дейін барды.

Автор
Нұрсұлтан