Ақмола облысында бөгет жарылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Новороссийск портына жасалған шабуыл - министрлік мәлімдеме жасады

Новороссийск портына жасалған шабуыл - министрлік мәлімдеме жасады
Фото: t.me/belarusian_silovik

Қазақстанның Энергетика министрлігі Новороссийск портында болған кезекті оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады. Кеше ол жерде "Шесхарис" терминалы дрондар шабуылына ұшырады, деп хабарлайды kznews.kz.

Энергетика министрлігі мәліметінше, ведомство жағдайға мониторинг жүргізіп жатыр. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, бұл оқиғалар қазақстандық мұнай экспорты көлеміне әсер еткен жоқ.

"Бүгінде магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы қазақстандық шикізатты қабылдау және тасымалдау штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр. Экспорттық жоспарлар кестеге сай орындалып жатыр", - деді министрдің кеңесшісі - Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікпаева.

Мән-жай

Ресейлік БАҚ-тың бұған дейінгі мәліметінше, ұшқышсыз ұшу аппараттары жексенбі күні, 5 сәуірде, Ресейдің Краснодар өлкесіне күні бойы шабуыл жасаған. Ең көп зардап шеккен қала - Новороссийск: онда 8 адам жараланған. ҰҰА шабуылының негізгі нысаны "Шесхарис" мұнай терминалы болды. Бұл Ресей Федерациясының оңтүстігіндегі мұнай мен мұнай өнімдерін қайта тиейтін ең ірі кешендердің бірі әрі Новороссийск теңіз портының жұмысы үшін стратегиялық маңызы бар нысан. Аталған терминал арқылы қазақстандық мұнай транзиті де жүзеге асырылатыны белгілі, дегенмен оның негізгі бөлігі Новороссийскіде орналасқан Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалы арқылы жөнелтіледі.

Былтыр күзде де дрондар "Шесхарис" терминалына шабуыл жасаған болатын. Соның ішінде мұнай базасы мен кешеннің жағалаудағы инфрақұрылымы зақымдалғаны туралы хабарланды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.