Наурыз тойлап жүрген 80-ге жуық бала жоғалып кеткен
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда ер адам 12 жастағы балаға пышақпен шабуыл жасады (видео)

Алматыда ер адам 12 жастағы балаға пышақпен шабуыл жасады (видео)
фото: видеодан скрин

Алматыда ер адам 12 жастағы жасөспірімге шабуыл жасап, қолындағы гитарасын тартып алған. Полиция күдіктіні іздеп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz. 

Оқиға болған сәттегі видео Qumash Telegram арнасында жарияланды. Баланың анасының айтуынша, шабуыл жасаған адамның қолында пышақ болған. Жасөспірімнің жандаусын естіген дүкен сатушысы сыртқа жүгіріп шыққан. Алайда ер адам гитараны тастап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Баланың анасы дәлелдердің жеткіліксіздігіне байланысты полицияға жүгінбеген. Алайда Алматы қаласының полиция департаменті бұл дерек бойынша тексеру бастады.

“Қазір оқиғаның барлық мән-жайын және оған қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады”, – деп мәлімдеді ведомство.

Алматы қаласының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Диана Ерлан баланың медициналық көмекке мұқтаж емес екенін айтты.

“Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы тарапынан психологиялық қолдау ұсынылды. Мен баланың анасымен байланыстамын”, – деді ол.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.