"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нетаньяху Газа тұрғындарын қаладан кетуге шақырды

Нетаньяху Газа тұрғындарын қаладан кетуге шақырды

Израиль әскері таяу уақытта Газа қаласына ауқымды шабуыл жасауды жоспарлап отыр.   

Осыған байланысты Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху жергілікті тұрғындарға қаланы тастап шығуға кеңес берді. Мәлімдеме үкімет басшысының кеңсесі арқылы таратылды, деп жазады Kznews.kz сайты. 

Нетаньяхудың айтуынша, соңғы күндері Израиль әскері Газадағы бірнеше көпқабатты ғимаратты қиратқан. Израиль тарапы бұл нысандарды ХАМАС өкілдері әскери мақсатта пайдаланғанын алға тартады.

Премьер-министрдің дерегінше, әзірге әуе күштері Газада 50-ге жуық көпқабатты ғимаратты жойған.

– "Бұл негізгі әрекеттердің бастауы ғана. Әскеріміз жерүсті маневріне дайындалып жатыр. Осы орайда мен Газа тұрғындарын қаладан кетуге шақырамын", – деді Нетаньяху.

Айта кетейік, бұған дейін Израиль билігі Газа қаласын толық бақылауға алу және ХАМАС қозғалысының радикалды топтарын жою мақсатында кең ауқымды әскери операция өткізуді көздеп отырғанын хабарлаған еді. Бұл жоспар тамыз айының соңында премьер-министрдің бастамасымен мақұлданған болатын.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.