Шоу-бизнес

“Некедегі әйелге көз салатын есалаң емеспін” - Олжас Абай Бадықованың экс-күйеуіне жауап берді

“Некедегі әйелге көз салатын есалаң емеспін” - Олжас Абай Бадықованың экс-күйеуіне жауап берді

Танымал актер Олжас Абай әріптесі Дариға Бадықованың бұрынғы жұбайы Дархан Мұсаевтың өзіне қатысты айтқан сөзіне әлеуметтік желіде пікір білдірді.

“Бір отбасыны неге бұзасың?” деп жазып жатқан жандарға айтарым бар. Өмірге өкпелі болып, мені жерден алып, жерге салуға асықпаңыздар. Осы уақытқа дейін менің еңбегімді бағалап, “жарайсың” деп қошемет көрсеткенсіздер. Енді бір адамның қызғанышқа толы сөзіне сеніп, менің өнерге деген адалдығым мен адамдық қарым-қатынасымды таптамаңыздар», – деді актер.

Олжас Абай өзіне тағылған айыптауларды жоққа шығарып, ешкімнің отбасына араласуға хақысы жоқ екенін айтты.

«Некедегі әйелге көз салатындай мен есалаң емеспін. Қазақта “аңдамай сөйлеген ауырмай өледі” дейді. Әр сөздің салмағы бар. Сол адамның жалған айыптаулары ар алдында да, заң алдында да өз бағасын алады. 15 жылда 25-тен астам фильмге түсіп, халықтың ықыласына бөленіп жүрген мен дәл сол тұста қателік жібере қоям деп ойламаймын. Басымды тік ұстап келдім, әрі қарай да солай жүремін. Мен – актер Олжас Абаймын», – деп жазды ол.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz