Олжас Бектенов Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Ерлі-зайыпты ма?" – Актер Олжас Абай Дариға Бадықова туралы сұраққа жауап берді

"Ерлі-зайыпты ма?" – Актер Олжас Абай Дариға Бадықова туралы сұраққа жауап берді

Актер Олжас Адай әріптесі Дариға Бадықовамен қарым-қатынасы туралы сұрақтарға жауап беріп, олардың бірге демалғанын растады.

Өнер иесі "Время" газетіне берген сұхбатында жеке өмірін көпшілікке жария етуді қаламайтынын айтқанымен, кейбір жайттарға тоқталды. Оның сөзінше, Дариға өмірінде ерекше орын алады.

«Өмірімде он жылға созылған үзіліс болды. Алға жылжи алмай, тіпті өзімді актер екенімді ұмытып кеткен кездерім болды. Сол сәтте Құдай маған Дариғаны жібергендей әсер алдым. Мұны жиі айта бермеймін, бірақ іштей ризамын», – деді Олжас.

Сондай-ақ актер мінездерінің ұқсас екенін де жасырмады.

«Екеуміз де қызуқанды, екеуміз де лидер мінездіміз. Кейде түске дейін бірнеше рет ұрысып үлгереміз, кейде күні бойы сөйлеспейміз. Бірақ бізді ортақ шығармашылық қызығушылық біріктіреді», – деп атап өтті ол.

Олжастың айтуынша, соңғы екі жылда олар бір-бірін тереңірек танып, өмірлік мақсаттарын нақтылаған.

Мальдив аралдарындағы демалыс туралы сұраққа актер бірге барғандарын жоққа шығармады.

«Иә, бірге демалдық. Төрт жылға жуық бірге жұмыс істеп келеміз, соңғы екі жылда үнемі біргеміз», – деді ол.

Алайда «ерлі-зайыптысыздар ма?» деген сауалға нақты жауап бермей, жеке өмір туралы әңгімеден әрі қарай тарқатпауды жөн көрді.

Олжас Адайдың айтуынша, олар жеке қарым-қатынасты көпшілікке жария етпеу туралы өзара келісімге келген.

«Бар ма, жоқ па – жарияламаймыз деп шештік. Егер бәрін ашық айтсақ, адамдардың қызығушылығы азаяды», – деді актер.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер