KZNews.kz
Шоу-бизнес

“Неке ресми тіркелмеген” - Прокурор мәлімдеме жасады

KZNEWS

Прокурор Бишімбаевтың ісіне байланысты бірнеше мәлімдеме жасады. Оның айтуынша:

- Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова арасындағы неке ресми тіркелмеген;
- Бишімбаев өлтірілген адамның барлық телефон қоңырауларын бақылап, оған жұмыс істеуге тыйым салып, оны толығымен қаржылық жағынан тәуелді еткен;
- Қызғаныштан жүйелі түрде физикалық зорлық-зомбылық жасаған;
- 2023 жылдың наурыз айының ортасында Бишімбаев Астанада Нүкенованы ұрған;
- Салтанат Нүкенова ағасына шағымданған. Ол оны Бишімбаевпен ажырасуға көндіргенімен Нүкенова бірақ бас тартқан;
- 2023 жылдың жазында Бишімбаев Нүкеноваға Алматыға көшуді ұсыады. Ол зорлық-зомбылық тоқтайды деген үмітпен келіседң. Алайда ол оны физикалық зорлық зомбылыққа ұшыратуды жалғастырған.

ақпарат: Tengrinews.kz

KZNEWS
Автордың басқа материалдары