«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Неге мені түсіріп жатсың, қарағым: Лондонда тайраңдап жүрген Бергей Рысқалиевтің видеосы тарап кетті(видео) - Қазақстан жаңалықтары

Неге мені түсіріп жатсың, қарағым: Лондонда тайраңдап жүрген Бергей Рысқалиевтің видеосы тарап кетті(видео) - Қазақстан жаңалықтары

Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев бейнеленген әуесқой түсірілімдер бүгін әлеуметтік желілерде тарап кетті. Видеода қылмысы үшін халықаралық іздеу жарияланған әкімнің Лондон көшелерінде талтаң басып, тайраңдап жүргенін көруге болады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. 

Барлық видеода әкімнің көше бойында жайбарақат келе жатқатқанын көруге болады. Телефон шұқып келе жатып өзін камераға түсірмеуді сұраған Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев: "Неге түсіресің? Түсірме мені, қарағым!" деп видео түсірушіге тіл қатады. 

Әлеуметтік желіде таралған екінші таспада ол, екі қолын сырт киімінің қалтасына салып, саябақтардың  бірінде серуендеп жүргені түсірілген. 52 жастағы экс-шенеуніктің қыдырып жүргені көрсетілген видеоны көрген желі қолданушылары түрлі пікір қалдыруда. 

Айта кетейік, Атырау облысының бұрынғы әкімі ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, бюджеттің 71 миллиард теңгесін ұрлағаны үшін сырттай 17 жылға сотталған еді.  Құзырлы органдар бұл видеоларға қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.


stan.kz
Автор
Мадияр