KZNews.kz
Шоу-бизнес

“Не деген сымбатты еді” - Төреғалидің қайын атасына жұрттың қызығушылық білдіруде

Айжан Сыланова

Соңғы уақытта жұрттың қызығушылығын әншінің қайын атасы — жары Толқын Тұрарқызының әкесі тудырды. Әлеуметтік желілерде оның суреттері мен видеолары тарап, көпшілік арасында қызу талқылануда.

Желі қолданушыларының пікірінше, Төреғалидың қайын атасы ерекше тұлға — сырт келбеті мен болмыс-бітімі көп адамды таңғалдырған.

«Толқынның әкесі өте сымбатты әрі сабырлы адам екен», «Қарасаң, нағыз қазақы зиялының бейнесі», «Төреғалидың қайын атасы жай адам емес сияқты» деген сынды пікірлер жиі жазылып жатыр.

Айта кетейік, Төреғали Төреәлі мен Толқын Тұрарқызы 2014 жылы шаңырақ көтерген. Ерлі-зайыптылар бүгінде төрт перзент тәрбиелеп отыр және олардың отбасылық өмірі әрдайым ел назарында.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →