Усть-Лугадағы жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде қалып отыр
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Не деген харизма": Латын биін билеген Жанар Айжанова желіні шулатты

"Не деген харизма": Латын биін билеген Жанар Айжанова желіні шулатты
Жасы 50-ден асып, әже атанса да, Жанар Айжанова әлі бабында. Әншінің ерекше даусы өз алдына, биге деген икемі көпшілікті таңғалдыруда. Айжанованың тойда би билеген видеосы желіні шулатты, деп хабарлайды kznews.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Латын-америкалық әнге билеген видеосын Айжанова өзінің Instagram парақшасына салып қойған.

"Сылдырмақтың әжесінен бір би", - деп жазба қалдырды әнші.
Көпшілік әншінің икемділігі мен харизмасын сөз ете жөнелді.

"Күшті билейді екенсіз, неге салып тұрмайсыз", "Арықтап, сұлуланып кетіпсіз", "Не деген харизма", "Супер, биден жібереді екенсіз", "Тух, не деген қимыл", "Керемет биші, сізде деген талант қой", - деп тамсанды желі қолданушылары.

Автор
Айбар