«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Назарбаевтың ұлы энергетика министрінің қызына құда түсті

Назарбаевтың ұлы энергетика министрінің қызына құда түсті

Желіде экс-президенттің кенже ұлы Тауман Нұрсұлтанұлы мен Энергетика министрінің қызы Анадель Майданованың қарым-қатынасы туралы жазылған видео тарады. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.



Бейнебаян әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Онда 18 жастағы Тауман мен Анадельдің отау құрғаны жазылған. Сондай-ақ басылым авторлары Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанадағы резиденциясы оның ұлы Тауманға тіркелгенін хабарлады.


Ал, Ulysmedia.kz сайтының хабарлауынша, жастар шынымен де көптен бері таныс-біліс болған. Редакция Тауман мен Анадельдің қазақтың белгілі әдет-ғұрпы бойынша кәмелет жасына жетпей атастырылғанын білді.

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейресми деректерге сәйкес 5 баласы бар. БАҚ экс-мемлекет басшысының бейресми үшінші әйелі Әсел Құрманбаева Тауман (2005) және Бәйкен (2008) атты екі ұлды дүниеге әкелгенін хабарлады.

Алмасадам Сәтқалиев 4 сәуірден бері Энергетика министрлігін басқарды. Бұған дейін ол «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы қызметін атқарған. Сәтқалиев жарымен бірге бес бала – төрт ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.

Автор
Еркебұлан