Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Назарбаевтың рөлін ойнаған актер мәжіліс депутаты болды

Назарбаевтың рөлін ойнаған актер мәжіліс депутаты болды

16 тамызда Нұр-Сұлтанда өткен "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесі бюросының жиынында парламент мәжілісіндегі партия мандаты Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықоваға, актер Нұрлан Әлімжановқа, Екібастұз әкімі Нұржан Әшімбетовке, ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбековаға берілді.

Енді бұл мандаттарды Орталық сайлау комиссиясы қабылдауы тиіс.

Әнші әрі актер Нұрлан Әлімжанов Нұрсұлтан Назарбаев туралы "Балалық шағымның аспаны", "Елбасы жолы", "Тығырықтан жол тапқан" фильмдерінде Назарбаевтың рөлін сомдаған. Ал Әбдіхалықова, Әшімбетов, Омарбекова бірнеше жылдан бері үкіметте жұмыс істеген.

"Нұр Отан" жиынында партия төрағасы Назарбаев алда болатын "заң бойынша 2021 жылы өтуі тиіс - ред.) парламент сайлауына дайындалуды, 21 тамызда партияның кеңейтілген жиынын өткізуді тапсырды.

Жаңалық толықтырылады.


Azattyq
Автор
Арман