Нұрәлі Әлиев Алматы тауларында қазақстандық кәсіпкерлерге арналған бизнес таңғы ас өткізді, деп хабарлайды kznews.kz.
Әңгімесін бастаған Қазақстанның тұңғыш президентінің немересі саясат туралы сөз қозғамайтынын атап өтті:
“Мұнда ешқандай саясат жоқ. Мұнда тек руханият туралы айтылады және мен бүгін соны сіздерге бөліскім келеді”, – деді ол.
Әлиевтің айтуынша, махаббат – адамға берілген сый әрі бақыттың өзі. Оның сөзінше, бұл – құдайдың тербелісі.
Сондай-ақ Әлиев махаббат кімді сүйетініңізге тәуелді емес екенін айтты.