Әрбір екінші адам: ел тұрғындарының 51,2 пайызы несиеге өмір сүреді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Назарбаевтың немересі әжесінің ісін жалғастырмақ

Назарбаевтың немересі әжесінің ісін жалғастырмақ
Dalanews.kz коллажы

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев Сара Алпысқызы Назарбаева бастамашы болған "Өзін-өзі тану" пәнін одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты, деп kznews.kz тілшісі dalanews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрәлі Әлиев сұхбаттарының бірінде жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие берудің маңызын атап өтіп, бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет екенін жеткізген.

Айта кетейік, "Өзін-өзі тану" пәні Қазақстан мектептеріндегі міндетті оқу бағдарламасына 2010-2011 оқу жылында енгізілген болатын. Сара Назарбаеваның бастамасымен қолға алынған бұл курс оқушылардың бойында адамгершілік, мейірімділік, ізгілік және ішкі үйлесім сияқты құндылықтарды қалыптастыруға бағытталды.

Алайда 2022 жылы Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі аталған пәнді міндетті пәндер қатарынан алып тастау туралы шешім қабылдады. Ресми бұйрыққа сәйкес, "Өзін-өзі тану" міндетті мәртебесінен айырылып, факультативтік сабақ форматына ауыстырылды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер