Жаңалықтар

Назарбаевтың жиен немересі туған күнін Дубайда дүркіретіп өткізді (ФОТО)

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
Назарбаевтың жиен немересі туған күнін Дубайда дүркіретіп өткізді (ФОТО)
ашық дереккөзден

Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Нұрәлі Әлиев туған күнін Дубай қаласында сән-салтанатымен атап өтті. Бұл туралы Dalanews.kz хабарлады.

Туған күн кешінен түсірілген кадрларды Нұрәлі Әлиевтің өзі әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялаған. Жарияланған суреттерден мерекелік шараға оның балалары да қатысқанын байқауға болады.

Мереке Дубай қаласындағы Terra Solis Dubai курорттық қонақүйінде өткен. Кеш барысында қазақстандық этно-топ өнер көрсетіп, қонақтарға ұлттық нақыштағы бағдарлама ұсынған.

Айта кетейік, Forbes дерегіне сәйкес, Нұрәлі Әлиев Қазақстандағы ең бай 75 адамның тізімінде 39-орында тұр. Ол Capital Holding ЖШС мен Darmen Holding ЖШС-нің мажоритарлық акционері саналады.

Сонымен қатар кәсіпкер Дубайда орналасқан Donatello Hotels and Resorts қонақүй желісіне, Алматыдағы Donatello Boutique Hotel-ге, сондай-ақ Алматы мен Астанадағы бірнеше мейрамханаға иелік етеді.

Бұдан бөлек, биыл ақпан айында Нұрәлі Әлиев Instagram желісінде сату мәмілесіне байланысты Транстелеком АҚ акционерлері қатарынан шығатынын мәлімдеген болатын.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz