Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Назарбаевтың бұрынғы тоқалы тағы мәлімдеме жасады

Назарбаевтың бұрынғы тоқалы тағы мәлімдеме жасады

Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы Динара Әлжан тағы сұхбат беріп, продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбековаға жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Динара Әлжан Hit TV арнасындағы «Менің өмірім» бағдарламасына сұхбат беріп, Қайрат Нұртасқа да, анасына да еш өкпесі жоғын айтады.

«Қанша дегенмен Қайратпен сол кезде араластық, халықтың адамы. Өте талантты, мен оны сыйлаймын. Қанша қиындықтан өтті. Сондықтан анасын да мен түсінемін. Әрбір ана өзінің баласына жамандық ойламайды», - дейді әнші.

Динара Әлжан бұған дейінгі сұхбатында Қайрат Нұртасты балағаттап, жамандау ойында болмағанын айтады.

«Еш ренішім жоқ. Мен тек болған нәрсені айттым», - дейді Динара.

Әнші ол сұхбаттан кейін Қайрат Нұртаспен жеке сөйлеспегенін айтады.

«Уақыт көрсетеді ғой. Мен ол сұхбатта бәрін айтқан жоқпын. Айтылмаған нәрселер де бар. Бірақ оны айтпаймын. Қала берсін», - дейді Динара.

Еске салайық, бұған дейін Динара Әлжан Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында казинода Қайрат Нұртасқа қалай көмектескенін айтқан еді.

Артынша әншінің бұл мәлімдемесіне Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова пікір білдірді. Оның сөзінше, мұның бәрі - хайп. Ал Қайраттың өмірін әлеуметтік желіден де бақылауға болады.

Автор
Еркебұлан