“Жұбайымды шәкіртіме әйелдікке бердім” деген тұрғын жауапкершілікке тартылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Назарбаев мінген Mercedes-Benz сатылымға қойылды

Назарбаев мінген Mercedes-Benz сатылымға қойылды

Нұрсұлтан Назарбаев мінген Mercedes-Benz S-Class көлігі сатылымға қойылды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Kolesа.kz порталына сілтеме жасап.

Көліктер порталында 1993 жылы шыққан Mercedes-Benz S-Class-тың қызықты көшірмесі табылды. Бұл машина жайлы бірнеше дерек бар. Біріншіден, бұл - сайттағы бағасы 25 млн теңге тұратын ең қымбат темір тұлпардың бірі. Екіншіден, седанның жүгірісі 29 жыл ішінде небәрі 37 930 шақырымды құрайды.

Ең қызығы, қазіргі иесінің айтуынша, бұрын аталмыш көлікті 01 KZ мемлекеттік нөмірін тағып, Нұрсұлтан Назарбаев мінген екен. Хабарландыру авторы сөзін растау үшін тіркеу базасына скриншот салып, Қазақстанның бұрынғы президентінің «Мерседес» жанында түскен мұрағаттағы фотосуретін де жариялаған.

Автор
Нұрсұлтан