ка

Назарбаев Мемлекеттік күзет қызметінің жаңа басшысына тапсырма берді

15.11.2018 22:42
0
4

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің басшылық құрамымен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

цуцццц

Фото: Ақорда

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік күзет қызметінің басшылық құрамына осы мекеменің жаңа бастығы Ардақ Әшімбекұлын таныстырды.

Әшімбекұлы өз кезегінде заңнамаға сәйкес ант берді.

Қазақстан президенті Ардақ Әшімбекұлының тәжірибесі мол екенін атап өтіп, оның кәсіби біліктілігіне тоқталды.

Сондай-ақ, Елбасы Мемлекеттік күзет қызметінің қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқаратынына назар аударды.

"Ел қауіпсіздігі жүйесінде Мемлекеттік күзет қызметінің рөлі айрықша. Бұл алдарыңызға қойылған міндеттердің ерекшелігіне байланысты", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
цуцццц

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Күзет қызметінің тиімді жұмыс істеуі үшін бүгінде барлық құқықтық және материалдық-техникалық жағдай жасалғанын атап өтті.

"Қауіп-қатерді тойтаруға әрдайым дайын болу, жаңа сын-қатерлерге бейімделу, қатерлердің алдын алуға және ауыздықтауға бағытталған шұғыл және күзет шараларының кешенін жетілдіру – сіздердің міндеттеріңіз.

Сондықтан, Мемлекеттік күзет қызметінің әлеуетін арттыру және оны жан-жақты жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жүргізу қажет", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жиын соңында Елбасы Мемлекеттік күзет қызметінің жедел іс-қимыл штабының және осы мекеменің басқа да жұмыстарымен танысты.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий