"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Назарбаев Әбу-Дабиге ұшып кетті – дереккөз мәліметі

Назарбаев Әбу-Дабиге ұшып кетті – дереккөз мәліметі

Немере інісі мен келіні қамауға алынған Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбу-Дабиге ұшып кетті. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлайды, деп жазады kznews.kz сайты orda.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұрынғы президент Назарбаев мінген ұшақ Абу-Дабиге қонды» деді дереккөз.

Әуе кемелерінің қозғалысын қадағалау қызметінің мәліметінше, Назарбаевқа бекітілген ұшақтардың бірі шынымен де Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) астанасы Әбу-Даби қаласына ұшып келді.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «Қазақтелеком» АҚ-ның аса ірі көлемдегі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаржысын жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатқаны белгілі болған. Осы қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Антикор басшысы Олжас Бектенов Сатыбалдыұлының Алматы әуежайы аумағында ұсталғанын және Дубайға ұшпақ болғанын айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы ұрлықтың бірқатар түрлері бойынша қаржы көлемі анықталып жатқанын айтты. Сонымен қатар, «Қазақтелеком» кеңселері де тінтілуде.

«Менің ойымша, біз тиісті сараптамалар жүргізгеннен кейін ұрланған қаржы көлемін айта аламыз. Әзірге белгілісі әңгіме миллиардтаған ақша туралы», – деді ол.
Автор
Еркебұлан