KZNews.kz
Жаңалықтар

"Наурыз бес уақыт намазын оқиды": Атырауда жоғалып кеткен отбасы жайлы ел естімеген дерек шықты (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
Alash.kz коллажы

Атырау облысында із-түзсіз жоғалып кеткен бір әулеттің тағдыры көпшілікті алаңдатып отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Арада біраз уақыт өтсе де, хабар-ошарсыз кеткен төрт адам әлі табылған жоқ. Жағдайдың мән-жайын анықтау мақсатында аймаққа барған "Qazaq Airan" арнасының журналисі жоғалған отбасының туыстарымен тілдесіп, олардың пікірін білді.

"Наурыз бес уақыт намазын оқитын бала. Қазір ХХІ ғасыр, жастардың көзі ашық... Наурыз інім жаманшылыққа барады деп ойламаймын", – деді Шалқар Мұқанғалиев.

Сондай-ақ ол марқұм ағасы Мақсот Қарабалиннің банк карталарын пайдалануына байланысты туындаған күмәнді жайттар жөнінде де өз пікірін білдірді.

"Мал сатқан кезде Наурыздың WhatsApp желісін пайдаланған. Мақсот ағамның Kaspi-ін қолданған. Сатылған малдың бәрінің ақшасы Мақсот ағамның картасына түсірген. Ал қалған карталарды білмедім... Ал Нәсіп жеңгемнің картасы қазіргі таңда күдікті деп саналып жатқан Сұлтанның қолында деп жатыр. Малайзияның бір қаласында төлем жасағанда, пайдаланған деп айтып жатыр", – деді Шалқар Мұқанғалиев.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары