"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Наурыз» бағдарламасына қатысушылар үшін тұрғын үйдің шекті бағасы өспейді

«Наурыз» бағдарламасына қатысушылар үшін тұрғын үйдің шекті бағасы өспейді
Фото: Алматы әкімдігі

«Отбасы банк» «Наурыз» бағдарламасына қатысушылар үшін құрылыс компанияларымен шаршы метрдің шекті бағасы жөнінде келісімдер жасайды. Бұл тетік тұрғын үй бағасы Алматыдағыдай қарқынды өсіп жатқан жағдайда да бағдарламаға қатысушыларға баспана сатып алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды kznews.kz.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Отбасы банкінің» Алматы қалалық филиалы директорының орынбасары Кәмшат Оңалбаева 2026 жылы банктің екі ипотекалық бағдарламасы жалғасатынын мәлімдеді. Олар республикалық «Наурыз» және өңірлік «Алматы жастары» бағдарламалары. «Наурыз» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау дәстүрлі түрде наурыз айында басталады деп күтіліп отыр.

Бағдарлама аясында Алматы мен Астана қалалары үшін ең жоғары несие сомасы 36 млн теңге деңгейінде сақталады. Алайда бұл қалаларда тұрғын үй бағасы белсенді түрде өсіп келеді. Осыған байланысты БАҚ өкілдері бағдарламаның қолжетімділігі туралы сұрақ қойған.

Кәмшат Оңалбаеваның айтуынша, банк бірқатар тұрғын үй нысандары бойынша құрылыс компанияларымен келісім жасасқан. Бұл келісімдерде тұрғын үйдің бір шаршы метріне арналған шекті баға белгіленген.

«Осы келісімдер аясында біздің клиенттер Алматыдан баспана тауып, оны бағдарлама арқылы сатып алып жатыр. Бағалар одан әрі өссе де, олар келісімшартта көрсетілген деңгейден аспауы тиіс», — деді «Отбасы банкінің» Алматы филиалы директорының орынбасары.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда бастапқы тұрғын үй бағасы бірден 19,8%-ға қымбаттап, бір шаршы метрдің орташа құны 690,7 мың теңгеге жетті. Ал Астанада жаңа үйлердегі тұрғын үй бағасы 17,4%-ға өсіп, орташа есеппен 671 мың теңгені құрады.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі