Синоптиктер көктемнің алғашқы айына арналған ауа райы болжамын жасады. Алдағы күндері Қазақстанда көктемге тән тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
5-7 наурыз аралығында Ресейдің оңтүстік бөлігі аймағынан келген суық антициклон бүкіл республиканың аумағында ауа температурасының төмендеуіне себеп болады. Қазақстанның солтүстік, шығыс, орталық өңірлерінде сынап бағанасы түнде 10-15, кей жерлерде 20 градус аязға дейін төмендейді. Ал батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 2-7 градус аяз күтіледі.
Халықаралық әйелдер күні және демалыс күндері ауа райы қайта жылынады, күндіз батыста, оңтүстік-батыста 3-8 градус жылы болып, солтүстікте, шығыста, орталықта 0-5 аяз күтіліп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 10-15 градусқа дейін күн жылынады.
Айдың екінші жартысында суық қайтуы мүмкін.
Болжамның ықтималдылығы – 60-75 пайыз.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz