Премьер-министр Олжас Бектенов Kazakh Tourism басқарма төрағасы Талғат Ғазизовтан нақты нәтижелер талап етті. Бұл туралы ол бүгін Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Олжас Бектенов тағайындалғанына көп уақыт өтпегеніне қарамастан, Kazakh Tourism басшылығынан айқын әрі нақты жұмыс нәтижелері күтілетінін атап өтті.
«Талғат Жанатұлы, қызметіңізге жақында ғана кіріскеніңізге қарамастан, бізге нақты нәтижелер қажет. Біз оларды сізден күтеміз. Нәтиже болса, әрі қарай бірге жұмыс істейміз, нәтиже болмаса қоштасамыз. Келістік пе?», – деді премьер-министр.
Kazakh Tourism басқарма төрағасы қойылған міндеттерді орындауға дайын екенін жеткізді.