Алматыда желі қолданушылары бір қолына сәбиін көтеріп, курьер болып жүрген әйелді іздеп жатыр. Оның фотосы Threads желісінде жарияланып, қоғамда резонанс тудырды.Алайда көп ұзамай алаяқтар әйелдің атынан ақша жинай бастады, деп хабарлайды kznews.kz.
Сәбиін көтеріп жүрген әйелдің суретін блогер Sasha Wu’style жариялаған. Оның айтуынша, ол әйелді Алматыдағы Брусиловский көшесінде кездестірген.
“Кеше Алматыдағы Брусиловский көшесінде сәбиімен жүрген қызды көрдім. Оған деген құрметім артып, бұл туралы жазба жариялауды жөн көрдім. Жазба үлкен резонанс тудырды. Өкінішке қарай, оған жақындап барып көмек ұсынуды ойламаппын, қазір соған өкінемін. Оның үстіне, бірден қаражат жинау үшін фотосын жарияласам, адамдар мұны кезекті алаяқтық деп қабылдар еді. Оны біреу танып, тауып алып, көмек қолын созады деп үміттенемін”, – деп жазды блогер.