KZNews.kz
Қаржы

Мыс бағасының рекордтық өсуі: Владимир Кимнің байлығы 8 миллиард доллардан асты

Torgyn Abushakhman

Лондон металдар биржасында 23 желтоқсандағы сауда барысында мыс бағасы бір сәтте тоннасына 12 058 доллар деңгейіне дейін көтеріліп, тарихи рекорд орнатты. Осы өсім аясында қазақстандық кәсіпкер Владимир Кимнің жиынтық байлығы 8,1 миллиард долларға жетті, деп хабарлайды kznews.kz Bloomberg басылымына сілтеме жасап.

Қыркүйек айында Владимир Кимнің байлығы 7,94 миллиард доллар деп бағаланған болатын. Ал соңғы деректерге сәйкес, мыс нарығындағы қолайлы жағдай оның активтерінің құнын арттырды. Bloomberg түзетін әлемдегі ең бай 500 адам тізіміне қазақстандықтар арасынан тек Владимир Ким ғана енген. Аталған рейтингтің 500-орнында британдық кәсіпкер Лоренс Графф тұр, оның байлығы 7,32 миллиард доллар деп бағаланған.

Ал Қазақстандық Forbes журналының дерегінше, 2025 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша Владимир Кимнің байлығы 5,7 миллиард доллар болған. Forbes-тің жаһандық онлайн-нұсқасында ол 5,6 миллиард доллармен 706-орынға жайғасқан.

Владимир Ким KAZ Minerals Ltd. компаниясының 63,5%-ын, ал Kazakhmys Holding Limited құрамындағы үлестің 70%-ын иеленеді. Сонымен қатар кәсіпкерге RBK банкінің 89,79 пайызы тиесілі.

Айта кетейік, Forbes журналының қазақстандық нұсқасындағы ең бай адамдар тізімі төмендегідей:

Вячеслав Ким – 7,1 млрд доллар;

Тимур Турлов – 5,8 млрд доллар;

Владимир Ким – 5,7 млрд доллар;

Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева – 5,3 млрд доллар;

Болат Өтемұратов – 3,7 млрд доллар;

Ибрагимовтер отбасы – 2,06 млрд доллар;

Нұрлан Смағұлов – 0,99 млрд доллар;

Сәрсеновтар отбасы – 0,98 млрд доллар;

Айдын Рақымбаев – 0,967 млрд доллар.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Владимир Ким мен Эдуард Огайдың “Қазақмыс” компаниясын жаңа акционерге сатуға келіскені туралы ақпарат тараған болатын.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары