Қазақстанға әсері қандай: Ресей бизнесінің қаржылық жағдайы нашарлап барады...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

100 теңгеден - 12 теңге: қолма-қол төлем үлесі күрт кеміді

100 теңгеден - 12 теңге: қолма-қол төлем үлесі күрт кеміді
Фото: ашық дереккөздерден

Ел ішінде қолма-қол ақшамен жасалатын төлемдердің үлесі соңғы жылдары айтарлықтай төмендеген. Бұл туралы "Fintech in Kazakhstan - 2026" зерттеуінде айтылды.

Мәселен, биылғы бөлшек саудадағы төлемдердің 88 пайызы қолма-қол ақшасыз жүргізілген екен. Яғни, жұмсалған әр 100 теңгенің шамамен 12 теңгесі ғана қолма-қол төленген.

Салыстыру үшін алсақ, 2019 жылы Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 67 пайыз болған. Яғни, сол кезде әр 100 теңгенің 33 теңгесі қолма-қол төленген болыпшығады.

Осылайша, жеті жыл ішінде қолма-қол төлемдердің үлесі 33 пайыздан 12 пайызға дейін қысқарған. Демек, оның үлесі шамамен үш есеге төмендеп отыр.

Жалпы, халықаралық көрсеткіштермен салыстырған зерттеулер де ел ішінде қолма-қол ақшасыз төлемдердің кең тарағанын көрсетеді. Мысалы, АҚШ аумағында сатып алулардың 11 пайызы, Ұлыбританияда 10 пайызы, Бразилияда 17 пайызы әлі күнге дейін қолма-қол төленеді екен.

Қорыта айтқанда, "Fintech in Kazakhstan - 2026" зерттеуі ішкі қаржы айналымының цифрландыруға мейлінше бет бұрғанын көрсеткендей. Шынымен де қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесінің көбеюі енді баламалы тәсіл емес, күнделікті есеп айырысудың тұрақты құралына айналғанын аңғартады.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.