ка

«Мылтықтың дүмімен екі рет ұрдым»: айыпталушы Шерзат Болаттың ағасын қалай соққыға жыққанын айтты

16.05.2025 14:47
0
64
«Мылтықтың дүмімен екі рет ұрдым»: айыпталушы Шерзат Болаттың ағасын қалай соққыға жыққанын айтты
фото: youtube/SupcourtRK
Сотта Ильясов атыс кезінде болған жайттарды баяндап, "Мен Рембо емеспін ғой" деп өз әрекетін түсіндірді.

Шерзат Болатқа қатысты іс бойынша бүгінгі сот отырысында бұзақылық жасады деп айыпталған Нуркияс Ильясов жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, оқиға орнына келген кезде дүкен маңында 8-9 адам жиналып тұрған. Сол жерде Шерзаттың өзі оған бірінші болып жұдырық жұмсағанын айтты. Артынша мылтық атылған.

«Нурканат оқтап жатқанда мылтықты тартып алуға тырыстым. Бірақ екінші рет атылды. Сол сәтте Шерзат тағы бір рет ұрды. Артқа шегіндім. Үшінші рет атқанда "бәріңді атып тастаймын!" деп айқайлады. "Бауырым, тоқташы" дедім. Сол кезде ол шегіне бастады. Кейін Шерзат құлады, ал Нурканат оған жүгіріп барып, көтермек болды. Сол кезде мен астында жатқан мылтықты алып, дүмімен екі рет ұрдым», – деді Ильясов.

Сотта оған оқ атқан адамның кім екенін танитынын сұрады. Айыпталушының айтуынша, мылтықтан оқ атқан — Нурканат Гайыпбаев.

Сондай-ақ ол «бір қолында мылтық, екінші қолында пышақ болғаны рас па?» деген сұраққа да жауап берді.

«Мен Рембо емеспін ғой», – деп жауап берді Ильясов.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий