KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде жатыр

• Айжан Сыланова
Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы Мұхтар Шаханов қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Бұл туралы ақын қорының төрағасы Нұржігіт Ысқақ мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Мәліметке сәйкес, 84 жастағы қаламгердің денсаулығы сыр беріп, дәрігерлердің жіті бақылауына алынған. Қазір оған қажетті ем-дом шаралары жүргізілуде.

Қор өкілдері мен жақындары халықтан ақынның сауығып кетуіне тілектес болып, дұға жасауға шақырды.

Мұхтар Шаханов — ұлттық рух, тіл мен мәдениет тақырыптарын терең жырлаған қаламгер. Оның «Өркениеттің адасуы» поэмасы қазақ әдебиетіндегі маңызды шығармалардың бірі саналады.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →