Freedom Finance-тың бұрынғы топ-менеджері ҚазТАГ-тан жеңіліп қалды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мұхтар Шаханов өзінің атынан таралып жатқан мәлімдемені жоққа шығарды

Мұхтар Шаханов өзінің атынан таралып жатқан мәлімдемені жоққа шығарды
Фото: Ашық дереккөзі

Белгісіз желі қолданушылары фейсбук әлеуметтік желісінде халқымыздың бірегей тұлғасы, айтулы ақын Мұхтар Шахановтың жалған парақшасынан «Мемлекеттік тіл үшін өлуге де, сотталуға да болады» деген мәтінді пайдалана отырып, фейк ақпараттар таратуда, деп хабарлайды KzNews.kz.

Осы мәселенің анық-қанығын білу үшін журналист Арман Әубәкір ақынның өзімен тікелей сұхбаттасқан. Сұхбат барысында Мұхтар Шаханов өзінің атынан тараған ақпараттың жалған екенін мәлімдеп, әлеуметтік желі пайдаланбайтынын жеткізді.

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қалыптасуына зор үлес қосқан ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың атын жамылып жалған ақпарат таратушылар ел ағасының беделін пайдаланып, жасына қарамастан, ештеңеден тайынбай саяси тапсырыспен арандатушылық әрекеттер жасауда.  

Мұндай фейк ақпараттардың негізгі мақсаты қоғамға жік салу, жұртшылықты бір-біріне қарсы қою екені анық.

Айта кетейік, қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін еліміздің заңнамасында жауапкершілік қарастырылған. Яғни, шындықты бұрмалап жариялағандар мен көрінеу жалған ақпарат таратқан азаматтар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер